«КТК» сайтының мобильдік нұсқасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«КТК» сайтының мобильдік нұсқасы шықты

«КТК» сайтының мобильдік нұсқасы шықты

Смартфон мен планшет ұстағандар назарына! «КТК» сайтының мобильдік нұсқасы желіге қосылды. Енді қолында интернетке қосылар гаджеті бар кез келген адам онлайн режимінде бізбен бірге бола алады.

  • 17 Маусым 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Сайттың мобильдік нұсқасы Android пен IOS платформасына қосылған.  Небәрі екі күннің ішінде желіні 10 мыңнан астам адам жүктеп үлгерді. Ең бастысы, 20:30-да тікелей эфирге қосылып, жаңалықтарды қалт жібермей, онлайн режиміне көруге мүмкіндік бар. Тіпті уақытын өткізіп алмас үшін «ескертпе» жолағы да іске қосылған. Бұдан бөлек, редакциямен де шұғыл байланыс орнатуы үшін телефондар желісі жұмыс жасайды.

Еркін Жалмұқаш, «КТК» АҚ коммуникация және даму істері жөніндегі директоры:

— КТК өте көп аудиториясы бар елдегі басты арнаның бірі. Сондықтан сайтымыздың мобильдік нұсқасына қосылушылар қатыра көп болады деп үсіттенеміз. Ең бастысы — бәрі шұғыл, әрі тәулігінен 24 сағат қызметте.