Қабатов күлдірмеген қазақ жоқ.Ауылдан бір ауыз орысша білмей келген Тұрсынбек әзілімен, тіпті, бүкіл Ресейді тәнті етті. Қылығымен-ақ ішек-сілені қатырған әзілқой енді бұдан былай өзінің жеке бағдарламасын жүргізетін болады.
-Өнер сүйер көрермен «шаттанып күлсін» деп сіздермен КТК арнасы және мен Тұрсынбек!
Тұрсынбек Қабатов:
-Бұның ішінде жаңағы сценарий, жазылып отырған әзіл, тек әншілердің әндері ғана өздерінікі болса, қалған сұхбат, диалогтар, сахнада қойылып отырған көріністердің барлығын қолдан келгенше жазып жатырмыз. Бұған дейін көптеген шоуларға қатысып жүрдік қой, ол жерде жүргізуші рөлін атқарып жүретінбіз, енді осы жолы жаңадан бір жоба бастағалы жатырмыз.
«КТК-да Қабатов!» деп аталған телешоуда әзіл-қалжыңның бәрі Тұрсынбектікі! Жүргізушілер кілең КВН ойыншыларынан іріктеліп алынған. Тапқырлар күлдіріп қана қоймай, арнайы қойылымдар да жасайды.
-Тұрсынбек Қабатовтың әзілдері маған өте қатты ұнайды. Ол кісіні тек мен ғана емес отбасымызбен сүйіп көреміз.
-Келгенімізге өкінбейміз, өйткені келгелі бері жүзімізге күлкі толып тек шаттыққа бөленіп отырмыз.
Қабатовқа қонақ боламын деушілерге есік ашық. Тек қазақтың мақал-мәтелдерін білсеңіз болғаны. Біліміңізді Тұрсынбектің өзі тексереді.
-Енді әр жексенбіде, әр жексенбінің кешінде КТК телеарнасынан «КТК-да Қабатов!» жобасын жіберіп алмаңыздар, қол бос болса!
Ендеше наурыздың 9-ы күні КТК арнасынан Тұрсынбекті көріңіз. Жексенбінің кешін қазақтың ең талантты ұлымен бірге өткізіңіз.
-Сіздерменен КТК арнасы және мен Тұрсынбек!!!