КТК-да жаңа жоба: «Әйел-қырық шырақты» - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК-да жаңа жоба: «Әйел-қырық шырақты»

КТК-да жаңа жоба: «Әйел-қырық шырақты»

КТК өз көрерменін кезекті тың жобасымен қуантпақ! Нақтырақ айтсақ, жаңа маусымды бірнеше жаңа бағдарламалармен бастайды. Солардың бірі "Әйел-қырық  шырақты" жобасы. Мұнда, аты атап тұрғандай, нәзік жандардың басынан өткен түрлі жағдайлар баяндалмақ. Оның бәрі өмірден алынған. Тек оқиғалары актерлардың ойыны арқылы көрсетіледі.

  • 25 Тамыз 2015
  • 1731
Фото - Caravan.kz

«Қызға қырық үйден тыйым». «Қыз қырық жанды». Бұл қазақтың діліне ананың сүтімен, табиғаттың заңымен енген қатаң қадиға. Еліміз қашан да қызын қонақ ретінде күтіп, қанша жерден еркелетіп ұстаса да, осы қағидаларға қайшы келген емес. Өйткені ұятты өлімнен жоғары қояды. Сондай жағдайлар көбіне қыз-келіншектердің басынан өтіп жатады.

— Ұят-ай, ертең айтпады деме… Ана қызын бұзылып шыға келеді.

Иә, бұндай көрініс көпшілікке таныс болуы мүмкін. Бірі бастан өткеріп жатса да ғажап емес. Себебі, тұсауы енді кесілетін жобамызда тек қана өмірден алынған оқиғалар баяндалады. «Әйел қырық шырақты» деп аталатын жаңа бағдарламада қыз-келіншектерге қатысты түрлі жағдай айтылмақ.

— Күйеуімнің бірдеңені жасырып жүргенін ұқтым.

 

Соңғы жаңалықтар