КТК-дан Халықаралық фестиваль: Кубок Қазақстанда қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК-дан Халықаралық фестиваль: Кубок Қазақстанда қалды

КТК-дан Халықаралық фестиваль: Кубок Қазақстанда қалды

Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің кубогі сарапқа салынған халықаралық фестивальде көкшетаулық "Агрофаки" көңілділер мен тапқырлар клубы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 19 Қараша 2017
  • 244
Фото - Caravan.kz

Петропавл қаласында өткен шараға əзілдері жарасқан Қазақстанның Астана, Көкшетау, Петропавл қалаларынан, сондай-ақ көрші Ресейдің Омбы, Курган, Уфа жəне Пермь қалаларынан келген 11 команда қатысып, бақтарын сынады.

Оның ішінде талай мəрте халықаралық фестивальдерде жүлделі орындардан көрініп жүрген Көкшетаулық "Агрофаки" көңілділер мен тапқырлар клубы жігіттерінің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалап, өңір əкімнің кубогымен марапаттады.

Еске сала кетейік, Көкшетаулық «Агрофаки» КТК командасы ағымдағы жылдың 26-30 күндері Ресейдің Саратов облысының Энгельс қаласында өткен «Волгадағы FEST» жазғы музыкалық фестивальдің де жеңімпазы болған. 


Соңғы жаңалықтар