Кубалық дәрігерлер Ақмола облысының билік өкілдерімен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық жасамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кубалық дәрігерлер Ақмола облысының билік өкілдерімен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық жасамақ

Кубалық дәрігерлер Ақмола облысының билік өкілдерімен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық жасамақ

Көкшетау. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев бүгін Куба Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачо бастаған кубалық өкілдермен кездесті. Тараптар облыс аумағындағы денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық жасаудың болашағын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Бізге сіздердің осы проблеманы шешудегі ұсыныстарыңыз өте пайдалы болады»,- деді М. Есенбаев. «Біз сіздердің бізге келіп, біздің дәрігерлерімізді оқыта алатын мамандарыңызға мүдделіміз. Кубаның медициналық қызмет көрсетуі барлық халықаралық стандарттарға сай, сондықтан да сіздердің тәжірибелеріңіз біз үшін өте пайдалы»,- деп атап көрсетті облыс әкімі.

Куба Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачоның айтуынша, Куба дүниежүзіндегі балалар өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізе алған: дүниеге тірі келген 1000 жас сәбиге шаққанда нәрестінің қайтыс болуы 5,3. Кубалықтардың өмір сүру ұзақтығы еркектер арасында 77 жасты құраса, әйелдер 80 жас жасайды екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойныша Куба дамыған елдер арасында жас ұзақтығы мен өмір сүру сапасы бойынша 50-ші орынды алады. Кубалықтарға медициналық қызмет тегін көрсетіледі. «Тіптен пластикалық операциялардың өзі тегін жасалынады»,- деп атап өтті елші.

Кубалық дәрігерлер әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді, әсіресе Африка мен Латын Америкаcына үлкен көмек көрсетеді. Сондай-ақ халықтың тұрмысы төмен бөлігіне операциялар тегін жасалынады.

Кездесу барысында елші, Канада, Испания, Қытай сияқты елдердің Кубаға мүдделік танытып отырғандығын, оған инвестиция салмақ екендігін, сондай-ақ кейбір қазақстандық кәсіпкерлер де осындай мүдделік танытып отырғандығын атап өтті.

Өкілдердің мүшесі — «Кубалық медицина қызметін көрсету» мекемесінің өкілі профессор Педро Мартинес, кубалық дәрігерлер әртүрлі күрделі аурумен науқастанған науқастарды қабылдап, диагностика жүргізе алады, деп атап өтті.

Кездесу аяқтала келе, кубалық өкілдерге қарап сөйлеген сөзінде облыс әкімі М. Есенбаев: «Біз келіссөздер жүргізуге және ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Бұл қатынастар өзара пайдалы болады, деп ойлаймын», деді.

Кубалық өкілдер облыстық ауруханаға барып, Ақмола облысының азаматтық қоғам институтының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Тәулік соңында Ақмола облысының әкімі М. Есенбаев кубалық өкілдерінің нақты ұсыныстарын тыңдап, одан әрі ынтымақтастық жасау жолын айқындау үшін олармен тағы бір кездеседі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті