Қазақ тілінен сабақ берген ұстаздарының асқан қатігездікпен өлтірілгенін естіген шәкірттері бүгін мектеп жанына жиналды. Сондағы ойлары Светлана Сәдуованың артында қалған 3 ұл мен қызына қаржылай көмек беру. Әзірше, өздері 100 мың теңге жинаған. Енді бұл қайырымды іске жұрттың қосылғанын қалап отыр. Ал 40 жастағы келіншегін Астанадағы №25 мектептің ауласында өртеп өлтірген қаскөй Қанат Сәдуов әлі ұсталған жоқ.
Гүлнар Төлбаева, марқұмның әріптесі:
-Светлананың басындағы қиындықты білмедік. Күйеуі туралы ешқашан жаман айтпайтын. Енді жетім қалған балаларына көмектескіміз келеді.