Күлкіге қарық қылатын «Сыныптастар 2» фильмі көрерменге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күлкіге қарық қылатын «Сыныптастар 2» фильмі көрерменге жол тартты

Күлкіге қарық қылатын «Сыныптастар 2» фильмі көрерменге жол тартты

Күлдіргі киноларды құштарлана қарайтын адамдар үшін «Сони» пикчерс және Меломан компаниясы осы күздің ең қызықты комедиясын ұсынады. «Сыныптастар 2» - бала кезден бірге өскен жолдастар жайлы. Құрбы-құрдастар ендігі есейіп, отбасы құрса да, балалық әдеттерінен арылмайды. Оның соңы көптеген күлкілі оқиғаларға ұрындырады. Комедия, әсіресе, мектепті 30 жыл бұрын бітірген түлектер үшін әсерлі болары сөзсіз.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz

Кино басында көзге үйреншікті американдық комедия болып көрінгенімен, өте әсерлі. 5 дос ұзақ жылдардан соң өздері туып-өскен қалашықтарына оралады. Ендігі 3-4 баланың әкесі атанса да, бұрынғы сыныптастар мектеп қабырғасындағы шалалықтарын қайта жасайды. 

Фильмде кейіпкерлер барынша бала тәрбиесіне көңіл бөлуге тырысады. Солай бола тұра, балаша асыр салып, ойнай жөнеледі. Тіпті, көше ортасында тұрып әзілдеуден кет әрі емес.    

Комедия адамға жайдары көңіл-күй сыйлап, әрі қарай түрлі шытырман оқиғаларымен қызықтырып әкетеді. 


Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:

— Фильм 16 жастан жоғары көрермендерге арналған. Сыныптастар жайлы қызықты комедия. Басты рөлде Адам Сэндлер. Келіңіздер, көріңіздер.

Режиссер Стивен Найттың бұл атақты комедиясында-Сальма Хайек, Кевин Джеймс те ойнайды. Фильмнен кейін әрбір көрермен өзінің бұрынғы сыныптастарын еске алары анық. Ендеше достар жайындағы американдық комедияны кинотеатрлардан сіз де жіберіп алмаңыз. Көңіл көтеріп, күлкіге қарық болыңыз.