Күніне екі киви жеген адам... - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күніне екі киви жеген адам...

Күніне екі киви жеген адам...

Күніне екі киви жеген адам өзінің көңіл күйін жақсартып, күйзелістің дамуының алдын алады. Отаго университеті 54 жас адамнан тұратын топты арнайы 6 ай бойы кивидің әсерін білу үшін бақылады, деп жазады The Indian Express.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 771
Фото - Caravan.kz

Анықталғандай, 2 киви жеген адамның шаршағаны мен күйзеліске ұшырауы азайып, бір күнге жететін қуат алған. Оның себебі кивидің құрамындағы С дәруменінің болуымен түсіндіріледі. Дәруменнің нормасына жетуі үшін 2 киви қолдану жеткілікті. Тәжірибенің басында оған қатысушылардың дәрумен көрсеткіші олардың жаңа піскен жемістерді аз жеуіне байланысты төмен болған.

С дәрумені метаболиялық энергия мен адамның миындағы түрлі байланыстарды жоғарылатушы деңгейін төмендететін энзимдер қатарын жеделдетеді. Бұл дәрумен тек адамның миын ғана қуаттандырып қоймай, жалпы ағзаға физикалық және ақыл-ой энергиясын береді.