Жарияланды: 2400

Күз – мерекем, күз – берекем (Күзгі бал кеші)

Күз – мерекем, күз – берекем (Күзгі бал кеші)

Күз – мерекем, күз – берекем.

Күзгі бал кешіне арналған сценарий:

1-жүргізуші:

Бейне нұрлы көкте күн,

Білсеңөмір – көктемің.

Айқара ашаресігін,

Хош келдің! – деп мектебің

Балдырғандар, бұл мәлім,

Еркелігін тастайды.

Қыркүйекте мұғалім

Оқу жылын бастайды.

2-ж.:

Күн қарына алады,

Күздің соңғы айы бұл.

Қар да жауыпқалады,

Алдамаса пайымым.

1-ж.:

Екінші айы бұл күздің,

Доп қуып, футбол ойнаймыз.

«Күзгібалын» мектептің

Қазан айында тойлаймыз!- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күзгі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-ж.:

Келді міне, алтын күз ,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз.

1-ж.:

Қыры толы егіске,

Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті

Қолы ашық періште.

2 -ж.: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емес пе?); көктем де қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.

1-ж.: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жылмезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1.Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт. Сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен топты таныстырады.)

2.«Күз ханшайымдарының» жарысы

• «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында шағын шығармаб айқауы

• Өз өнерін көрсету. (Күз мезгіліне байланысты болу керек.Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек. «Сары даладағы піскен бидай» биі дегендей)

• «Сен білесің бе?» Табиғат күнтізбесі, табиғат туралы халық ырымдары, болжамдары.

•  Сән үлгісі (Киім, шаш үлгісі)

3. «Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы

4. «Күз сыйы» – көрме. (Табиғи бұйымдар, икебана, т.б.)

Әділ қазыларалқасын таныстыру

2-ж.: Салқын тартып түз демі,

Білдіреді күзнені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, -дей келе, бірінші топты ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!

1-ж.: Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне.

Ортада екінші топ.

2-ж.: Тұратұғын құлап көктен,

Күн де салқын қыратты өпкен

Момақансып, сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен.

Үшінші топты қошаметпен ортаға шақырайық.

1-ж.: Құлақ түрсең аңдай қағып,

Күзкеткендей әнге айналып.

Жел сынсытса, қобыз тартып,

Қыртыңдайды таңдай қағып.

Төртінші топқа кезек берсек

2-ж.: Әлсін-әлсін күркілдеп,

Ашу қысып,

Зіркілдеп.

Бұлт

Оттығын шаға алмай,

Желп-желпетер шыр-пыр боп

1-ж.: Гу-гулейді жел өктем,

Қашты ебелек дедектеп

Сол, сол екен…

Боз тұман,

Құрды перде кенеттен.

«Күз ханшайымдарының» сайысын тамашалайық, ағайын!

І-номинация – «Менің сүйікті жыл  мезгілім» тақырыбында шағын шығарма байқауы (үй тапсырмасы)

2-ж.: Алма пісті бағымда,

Пісті балдай қауын да.

Жүзімдер тұр мөлдіреп,

Үзер шағың келді деп.

Алтын дәнін сары дала

Құйып жатыр қамбаға.

Күз еңкейе береді,

Жер жемісін тереді.

Кезекті келесі номинацияға беруге рұқсат етіңіздер. «Өз өнерін көрсету».

1-ж.: Қолшатырлар көбейіп,

Бұлт тұмшалады өңірді.

Келді міне алтын күз ,

Аспан жасы төгілді.

Күн қайтадан ашылды,

Ерке-шолжаң бейне іс.

Таң қалдырар адамды

Мың құбылған бейнесі.

«Сен білесің бе?» білгірлер сайысы

2-ж.: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз .

Қала да, дала да

Жанның бәрі жарқын күз .

Балақайлар алақайлап,

Мектеп іші нұрланды.

Астық жыры, шаттық жыры

Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп,

Әр ісіне сүйсінді.

Ән тасқыны, жыр тасқыны

Ырыс болып құйылды.

«Сән үлгісі» номинациямызға кезек берсек.

1-ж.: Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығы не шқашан аямаған,- деп ақын ағамыз жырлаған екен.

2-ж.: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пә ктабиға тжүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

1-ж.: Өте жақсы. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті «Плакаттар» байқауына берейік. «Күз » тақырыбындағы плакаттар байқауы.

2-ж.: Жер бетінде гүлдеді,

Жер бетінде түрленді.

Жасырылған көмбедей,

Жер астында – түйнегі…

Мұндай жеміс көрдің бе,

Жемістерін тердің бе?…

Өсімдікті осындай,

Ал, санайық кел, бірге.

1-ж.: Ас дәмденер түрленіп,

Пиязды біз бір делік.

2-ж.: Екі дейік шалқанды,

Буға піссе ол дәмді…

1-ж.: Қызылшаны үш деп қой,

Сондай тәтті, тістеп көр!

2-ж.: Картопты аттап өтпелік,

Саусағыңды төрт деп бүк.

1-ж.: Күнде жейтін кәдімгі,

Бес дейік біз сәбізді.

2-ж.: Өсімдік көп…

Біліп ал:

1-ж.: Қойма дерсің түбін дәл…

Бірге: Жуа, пияз, сарымсақ,

Секілді де түрі бар…

2-ж.: Олай болса, «Күз сыйы» атты көрменің де кезегі келіп қалды.

(Әділ қазылар көрмені аралап шығады)

1-ж.: Алтын күз де атырап

Аздап тыныс алыпты.

Жапырақтар қалтырап

Жерге түсіп қалыпты.

2-ж.: Алма-алмұрт албырап,

Жеміс-жидек пісіпті.

Қауын-қарбыз балбырап,

Қамбаларға түсіпті.

Құрметті қонақтар, оқушылар! Әділ қазылар алқасы бүгінгі байқауымыздың қорытындысын шығарғанша, біз сіздермен біраз ойын ойнап жіберейік!

(5-10 сыныптар үшін; бастауыш сынып оқушылары өздерінің сүйікті өлеңдерін оқиды, жаңылтпаштарын айтады)

Ойын «Кім тапқыр?» деп аталады.

Мен қойған 9 сұраққа кім жылдам әрі дұрыс жауап береді, сол жеңіске жетеді. Қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз бар.

1. Ең үлкен, ұшатын құс? (африкалық дуадақ)

2. Ең ұзақ жұмыртқа басатынқ ұс? (кезеген альбатрос, 75-85 күн)

3. Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)

4. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)

5. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?(пингвин)

6. Ең үлкен пингвин қалай аталады? (император)

7. Қыран құстар мекені қалай аталады? (ұябасар)

8. Аққудың балапаны қалайаталады? (көгілдір)

9. Жыл санауына кірген құс?(тауық)

Екінші кезеңде – «Полиглот» ойыны

Мен жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айтук ерек:

1. Тал басында

Тундіксіз отау (құс ұясы – … – …)

2. Күндіз тіпті ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды (жапалақ – … – …)

3. Жаурағанда күлдірер,

Өз еркіне жіберсең –

Дүниені бүлдірер (от – … – …)

4. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар (пияз – … – …)

5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.

Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы – … – …)

Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,

Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)

2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,

Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)

3. Ұя сап, балапан баспайды,

Өз атын атап қақсайды. (көкек)

4. Дамылсыз барабан қағады,

Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

5. Қарағайдың, шыршаның

Бүрін шағып уатты.

Бұл қандай құс, айтшы, дос,

Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)

Бәрекелді, балалар, білімдерің жақсы екенін көрсеттіңдер. Ал, енді әділ қазылар алқасына сөз берейік! (Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау, «Күз ханшайымын» анықтау)

1-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,

Сарғыш тартып мынау дала, атырап.

Күн шуағын жинай алмай тұрғандай

Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.

2-ж.: Жемісі мен мөлдіреген бағы бар,

Сары күздің саумал сазы танымал.

Самал жел мен баяу ғана толқиды

Сары масақ, қауызында дәні бар.

1-ж.: Сары шалғын сыбдырласа белеңде

Салқын тартты сабыр тауып өзенкей.

Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен

Қайтар кезін ойламайын дегендей,- деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

2-ж.: Бүгінг іжеңіске жеткен топты және мектепішілік «Күз ханшайымын» құттықтаймыз! Жеңістерің құтты болсын! Келесі кездескенше!

                                                                                                                                               Дереккөз: zharar.com

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть