Жарияланды: 650

Күзде мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауы өткізілуі мүмкін

Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын, биылғы қазан айының соңы мен қараша айының басында өткізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Парламент депутаттары демалысқа шықты, 1-қыркүйекте қайта бас қосады. Егер олар 1-қыркүйекте шешім қабылдаса, сайлау қараша айының басында өткізілуі мүмкін», - деді ол жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында. Ол «мұның парламенттің өзіне тікелей байланысты мәселе» екендігін айтты. Е.Ертісбаевтың пікірінше, Мәжіліс сайлауы РФ Мемлекеттік думасына сайлаудан бұрын өткізілуі тиіс. «Ресейде сайлау желтоқсанда өтеді. (...) Бұл сайлауда «Нұр Отан» партиясы жаңа либералдық партиямен бәсекеге түседі. Мұндай сайлауды бірінші біз өткізуіміз керек», - деп түсіндірді ол. Сонымен қатар, кеңесшінің ойынша, сайлау бола қалған жағдайда «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев пен палатаның бірқатар өкілдері күш біріктіріп, «Нұр Отанмен» бәсекеге түсе алады. «Перуашев пен «Атамекеннің» басқа да өкілдері бір саяси ұйымға біріге алады. Шағын және орта бизнес өкілдері онда өз адамдарын тартады. Олардың қаржылық, интеллектуалдық және адами ресурстар тауып, алдағы парламент сайлауында «Нұр Отанмен» бәсекеге түсе алады деп ойлаймын», - деп атап өтті ол. Оның ойынша, құрылған либералды партия «Қазақстан игілігіне жарайды». «Нұр Отан» - халықтық партия, бюджет саласының мүддесін қорғайтын орталықтың партиясы. Либералдық партия, 20-30 адамнан тұратын фракция керек-ақ. Олардың саны нешеу боларын білмеймін. Мұндай фракция тиісінше талаптар қойып, заң қабылдай алар еді», - деп атап өтті Е.Ертісбаев. Саясаткер А.Перуашевтың партия басқаратынына күмәнданбайды. «Оның саясатта жүргеніне біраз болды. Бір кезде Азаматтық партияны басқарды, жақсы жұмыс істеді», - деді Е.Ертісбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін