Лаңкестік әрекеттерге дайындалды деп айыпталған шымкенттіктер тобының Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестік әрекеттерге дайындалды деп айыпталған  шымкенттіктер тобының  Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар болып шықты

Лаңкестік әрекеттерге дайындалды деп айыпталған шымкенттіктер тобының Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар болып шықты

ШЫМКЕНТ. 16 тамыз. Kazakhstan Today. Лаңкестік әрекеттерге дайындалды деген айыппен сәуірде ұсталған шымкенттіктер тобының Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар болып шықты. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының тергеу мен анықтауды қадағалау басқармасының аға прокуроры Геннадий Журавлев журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда топ Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының ислам дініне мойынсұнбайтын кәсіпкерлеріне шабуылдар жасауды жоспарлаған және заңсыз алтын саудасымен шұғылданған деген уәж айтуға негіз бар. Бұл әрекеттердің бәрі «Амалей ережелері» деп аталатын ережемен жүзеге асырылған, басқаша айтқанда бұл қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу үшін қаржы табу деген сөз», — деді Г. Журавлев.

Оның айтуынша, бұл — еліміздегі жалғыз топ емес, оның ел аумағында ауқымды желісі болған. «Ағымдағы жылдың сәуірі мен тамыз айлары аралығында осы және басқа да істерді тексеру аясында Шымкентпен қоса Атырау, Қарағанды және Теміртауда тұтқындау шаралары жүзеге асырылды. Бұл күдіктілердің байланыс аясының кеңдігін көрсетеді», — деді аға прокурор.

Лаңкестік әрекеттердің президент сапарына байланысты дайындалуы туралы журналистер сауалына жауап берген Г. Журавлев «бұл топтың дайындығын президент сапарымен байланыстырмайтындығын, уақыттың кездейсоқ дөп келу мүмкіндігін» атап өтті. Аға прокурордың айтуынша, күдіктілер әлі де толық анықталған жоқ, алайда, арнаулы тптың жорамалдауынша, топтың негізгі ұйымдастьырушылары мен жетеушілері құрықталды. Айыпкерлердің орташа жасы 23 пен 35 аралығында. Олардың кейбірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті