Лас-Вегастағы атыс лаңкестікпен байланысты емес - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лас-Вегастағы атыс лаңкестікпен байланысты емес

Лас-Вегастағы атыс лаңкестікпен байланысты емес

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Лас-Вегастағы атыстың лаңкестікке қатысы еместігін мәлімдеді. Бұл туралы баспасөз конференциясында ФТБ арнайы агенті Аарон Роуси айтты, деп жазады New York Post.

  • 5 Қазан 2017
  • 164
Фото - Caravan.kz

«Оқиғаны лаңкестікпен байланыстыратын ешқандай айғақ табылған жоқ, бірақ біз алдын ала ештеңені жоққа шығармаймыз», — деді Роуси. Сондай-ақ ол қанқұйлы қылмыскердің құрбысы Мэрилу Дэнли қамауда емес екенін жеткізді. Дегенмен ФТБ өкілі оның қазіргі тұрған орны туралы ақпарат берген жоқ.

Еске сала кетейік, 2 қазан күні түнде Стивен Пэддок Лас-Вегаста кантри музыка фестивалі кезінде қонақүй кешенінің 32-қабатынан тұрып адамдарға оқ жаудырған еді.


 

Соңғы жаңалықтар