"ЛГБТ өкілдерінің символы": Ердоған БҰҰ штаб-пәтерінің кемпірқосақ түстерімен безендірілгеніне наразылығын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ЛГБТ өкілдерінің символы": Ердоған БҰҰ штаб-пәтерінің кемпірқосақ түстерімен безендірілгеніне наразылығын білдірді

"ЛГБТ өкілдерінің символы": Ердоған БҰҰ штаб-пәтерінің кемпірқосақ түстерімен безендірілгеніне наразылығын білдірді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ штаб-пәтерінің кемпірқосақ түстерімен безендірілгеніне наразылығын білдірді. Ол мұны ЛГБТ өкілдерінің символы деп қабылдады.

  • 22 Қыркүйек 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euractiv басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен ұйымның штаб-пәтерінің түрлі-түсті дизайнын талқылағысы келетінін айтты. БҰҰ ғимараты тұрақты даму мақсаттарына қолдау көрсету белгісі ретінд ашық түстермен безендірілді. Бірақ Ердоған бұл дизайнды күдікті деп тапты.

"Мені ерекше алаңдататын мәселелердің бірі – БҰҰ Бас ассамблеясына кіргенде баспалдақтардан түрлі-түсті ЛГБТ өкілдерінің символын көру", — деді Ердоған.

Түркия президенті ЛГБТ өкілдеріне қарсы шыққандардың өз пікірін білдіруге құқығы бар екенін айтты.

Фото: Reuters

Бірақ БҰҰ-ның кейбір дипломаттары Ердоғанның қателескенін атап өтті.


"БҰҰ штаб-пәтері ЛГБТ өкілдерін қолдау үшін емес, тұрақты даму мақсаттарына (кедейшілікпен, аштықпен, климаттың өзгеруімен және т.б. қарсы күрес) берілгендік белгісі ретінде ашық түстермен безендірілді. Мұндай 17 мақсат бар және олардың әрқайсысына басқа түс тағайындалды — негізгі реңктер шынымен кемпірқосақтың түстеріне сәйкес келеді. Мысалы, таза ауыз судың қолжетімділігі үшін күрес ашық көк түспен бейнеленсе, қою қызыл түс білім беруді қамтамасыз етуге "жауапты". Бірақ БҰҰ-да жыныстық азшылықтардың туы да, басқа атрибуттары да қойылмаған", — деді БҰҰ дипломаттары.

Соңғы жаңалықтар