Жарияланды: 21000

ЛГБТ қауымдастығының өкілі болған: Қазақстаннан асырап алған жігіт АҚШ-та қайтыс болды

ЛГБТ қауымдастығының өкілі болған: Қазақстаннан асырап алған жігіт АҚШ-та қайтыс болды Сурет - Stan.kz

Американың Массачусетс штатының Батыс Тесбери қаласында Қазақстанда асырап алынған жігіт 17 жастағы Девин Айсұлу Тэкабери қайтыс болды.

Бұл туралы The Marta's Vineyard Times газетіне жарияланған ескертуде айтылған.

Жас жігіт 1 қыркүйекте отбасында қайтыс болды. Алайда оның өлімі туралы енді ғана белгілі болды. Өлімнің себебі туралы ештеңе айтылмаған. Девин 2001 жылы 16 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келді. Ол 14 айға толғанда баланы АҚШ-тан келген Уэйн және Кэтлин Тэкабери атты ерлі-зайыптылар асырап алды. Жасөспірім көз жұмған уақытта орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген. Жас жігіт Солтүстік Америкадағы қазақ диаспорасымен байланыста болды. Оның көптеген достары болды. Девин гимнастика мен биді, сондай-ақ сурет пен фотографияны жақсы көретін.

Оның фотосуреттері National Scholastic Awards 2018 екі алтын наградасына ие болды. Сондай-ақ, басылым Девиннің ЛГБТ қауымдастығының ашық өкілі болғандығы туралы айтады. Қауымдастық атынан ол мұғалімдермен, студенттермен және қоғамдастықтың басқа мүшелерімен болған қоғамдық пікірталастарға қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін