Лицензиялары тоқтатылған жоғарғы оқу орындары өздерінің іс-қызметтерін жалғастыра алады - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лицензиялары тоқтатылған жоғарғы оқу орындары өздерінің іс-қызметтерін жалғастыра алады - Бас прокуратура

Лицензиялары тоқтатылған жоғарғы оқу орындары өздерінің іс-қызметтерін жалғастыра алады - Бас прокуратура

АСТАНА. 27 - шілде. Kazakhstan Today. Лицензиялары тоқтатылған жоғарғы оқу орындары өздерінің іс-қызметтерін жалғастыра алады. Бұл туралы кеше өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім еті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 27 Шiлде 2007
  • 582
Фото - Caravan.kz

«Жұмыстарын уақытша тоқтату олардың өз жұмыстарын біржола доғару деген сөз емес»,- деп мәлім етті Сапарбек Нұрпейісов. «Мерзім — төрт ай (анықталған заң бұзушылықтарды жоюға — Kazakhstan Today ескерт.)… Бұл олардың өз іс-қызметтерін тоқтауға тиіс дегенді білдірмейді. Егер олар жол берілген заң бұзушылықтарды жойса, сәйкес комитет заңды шешім қабылдайды деп ойлаймын»,- деп қосты ол.

Сапарбек Нұрпейісов, тексеру барысында 13 жоғарғы оқу орнының лицензиясы тоқтатылғандығын еске сала кетті. «Егер олар біліктілік талаптары мен білім беру стандарттарындағы көрсетілген заң бұзушылықтарды жойған жағдайда, сәйкес комитет білім беру іс-қызметін жалғастыру туралы шешім қабылдайды»,- деп қайталады ол.

Лицензиялары кері қайтарылып алынған жоғарғы оқу орындарының іс-қызметіне тоқталатын болсақ, Бас прокуратураның өкілі «лицензиясыз жүргізілген іс-қызмет қылмыстық жауапқа тартылады. Егер олар мұндай қызметті атқарса, онда олардың қылмыстық жауапқа тартылатындығын» мәлім етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті