Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды

Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан бейнебақылау камерасына жас жігіттің велосипед ұрлағанға дейін лифтіде би билегені түсіп қалған. Ал бейнебақылау камерасынан алынған видео ғаломтарда тарап кетіп, желі қолдануышыларды бір күлдірді.

  • 25 Мамыр 2018
  • 877
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Inalmaty.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұрлық Алматыдағы Ақкент ықшам ауданында түнгі сағат 01:40-та болған. Ұрлық жасаған азамат лифт арқылы тоғызыншы қабатқа көтеріліп, велосипедті алып, баспалдақпен түскен. Видеодан велосипед ұрлаймын деп жұртқа күлкі болған жігіттің ұрлық жасар алдында қалай билегін көруге болады.

«Бұл тағдыр тәлкегіне ұшыраған бала туралы оқиға. Ол, өмір сүру үшін ұрлық жасауға мәжбүр болды. Бірақ, ол жүрегінің түбінде әрдайым сахнаға шығып, билеуді армандайтын жігіт»,-деп жазған желі қолданушылардың бірі.

«Ұрлық жасар алдындағы қуанышты көңіл-күй», – деген басқалары.

Оқи отырыңыз:

Алдап кетті ме — Сиви Махмуди тағы қандай уәдесінде тұрмады
«Өзі кигісі келмей, Гүлнұрға бере салған ғой»: Қарақаттың сыйлығы жұртқа ұнамай қалды

Ақтөбедегі жындыханада дәрігерлер емделіп жатқан әйелдің буындырып өлтірілгенін жасырмақ болған
 

Соңғы жаңалықтар