Бас редактор қызметіне кандидатура таңдау "НҰР-Медиа" жариялаған ашық конкурс шеңберінде жүзеге асырылды.
Жаңа басшы алдына басылымның әйгілілігін арттыру және интернетте жұмысты күшейту міндеті қойылды.
Бұл қызметке Д.Шишкин Қайсар Жанахановтың орнына келді. Соңғы үш ай бас редактор орны бос тұрды. Бұған дейін Д.Шишкин "Большая газета" басылымының, "Позиция.kz" интернет басылымының бас редакторы болды, "Комсомольская правда-Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары, "Караван", "Газета.kz" газеттерінің шолушысы, "Астана ТВ" телеарнасының продюсері болды, "Альянс Банк" АҚ баспасөз қызметін басқарды.
"Литер" "НҰР-Медиа" холдингінің құрамына кіреді.