Біз өңірлік деңгейде ынтымақтастықты күшейтуді жөн көрдік. Қарағанды облысы — ірі индустриялық аймақ. Біз үшін ол тарихи себептермен де жақын болып табылады. Қарағандыны әр литвалық азамат біледі. Тоталитаризм кезінде 130 мыңға жуық отандасымыз Қазақстанға, оның ішінде Қарағанды облысына жіберілді. Отанына оралған жерлестеріміз қиындықтар мен сол жылдардағы ауыртпалықты ғана емес, жандары қиналған кезде көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалған қазақтарды жылылықпен еске алады, — деп атап өтті Васюлис Гинтаутас.
Дипломат литвалық бизнесмендердің келген миссиясы туралы да баяндады. Паневежис Литваның өнеркәсіптік орталығы және көлемі жағынан бесінші қаласы болып табылады.
Делегация құрамында азық-түлік өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі, логистика және басқа салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер болды.
Біз өзімізді Қазақстан мен қазақстандық өндірушілер үшін Еуропаға шығар терезе ретінде көреміз. Ал Қазақстанды Орталық Азияға, Еуразиялық экономикалық одақ және біздің өндірушілер үшін Қытайға шығар терезе сияқты көреміз, — деді Васюлис Гинтаутас.
Литва делегациясы жергілікті кәсіпкерлермен де кездесті. Бизнес-форум өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.