Локомотивтерден дизельдік жағармай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Локомотивтерден дизельдік жағармай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Локомотивтерден дизельдік жағармай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері локомотивтерден аса ірі мөлшерде дизельдік жағармайды ұрлаудың қылмыстық схемасын анықтап, оның жолын кесті.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Тергеуге сәйкес Семей қаласының тұрғыны А.Қарабев басқарған және құрамына оның жақын туыстары мен «Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының қызметкерлері кірген қылмыстық топ 2012-2013 жылдары 56,7 тонна мөлшерінде дизельдік жағармай ұрлаған.

Тергеу анықтағандай, дизельдік жағармайды ұрлау келесі кестемен жасалған:

«Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының локомотив машинистері құжаттарға жалған мәлімет енгізу арқылы жағар майдың жұмсалуын жоғарылатып көрсеткен, сөйтіп артық мөлшерін қалыптастырған.

Одан соң «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің диспетчерлері алдын-ала сөз байласу арқылы локомотивтердің темір жол тупиктерінде рұқсатсыз тоқтатылуын ұйымдастырған. Онда машинистер жағармайды күтіп тұрған бензовоздарға құйған. Шамамен 200-ден 2000 литр жағармай құйылып отырған.


Одан әрі бензовоздар қылмыстық топ мүшелері Жұмаханов пен Қарабаевтың басшылығымен ұрланған жағармайды Семейдегі жағармай стансаларына сатуға жеткізіп отырған.

Қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оның қызметіне қатысу факілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Бұдан бұрын сот санкциясымен топтың белсенді мүшелері Жұмаханов пен машинист Мананов қамауға алынған болатын, 11 қыркүйекте топ басшысы Қарабаев қамалды. Топтың тағы 7 мүшесі ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.