Лондон металл биржасында қалайының құны бір тоннасына $14 000 дейін азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон металл биржасында қалайының құны бір тоннасына  $14 000 дейін азайды

Лондон металл биржасында қалайының құны бір тоннасына $14 000 дейін азайды

АЛМАТЫ. 26 -маусым. Kazakhstan Today. Әлемдік нарықта қалайының құны төмендей бастады. Лондон металл биржасында мамыр айында қалайының орташа құны бір тоннасына $14 147, маусымның өткен күндерінде - $14 120 болса, ал 25 маусымда сауда-саттық $14 000 деңгейінде тоқтатылды.

  • 26 Маусым 2007
  • 581
Фото - Caravan.kz

Биржадағы бағаның арзандауына қоймадағы металл қорының ұлғаюы себеп болған. Мәселен, Лондон металл биржасында бақыланатын қалайы қоры өткен айда 8,3-тен 11,8 мың тоннаға дейін артты. Соңғы рет баға Балтимордағы қоймаға 1620 тонна қалайы жеткізілген соң бірден арзандай бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті