Лондонның солтүстігінде белгісіз біреулер жас жігітке пышақпен шабуыл жасап, оның жаңадан сатып алған "GTA V" бейнеойынын тартып алған, деп хабарлайды The Independent.
Скотленд-ярд өкілінің журналистерге мәлімдеуінше, дүкеннен шыққан 23 жастағы жігітке артынан келіп шабуыл жасаған. Оны алдымен кірпішпен ұрып, содан кейін пышақ жұмсаған.
Қарақшылар жәбірленушінің жаңадан сатып алған бейнеойынын тартып алған.
Жәбірленуші ауруханаға түскен. Қазір оның жағдайы қалыпты.
"GTA V" соңғы уақытта көп күттірген бейнеойындардың бірі. Сатылымға түспес бұрын көптеген ритейлерлер алдын ала тапсырысқа сәйкес, оларда ойын біте бастағанын айтқан. 17 қыркүйекте көптеген дүкендерде ойынды сатып алуға кезек көп болды.