Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Жанай Омаров Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 285
Фото - Caravan.kz


Министрлік сайтындағы хабарламаға сүйенсек, ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед сәрсенбі күні жаңа вице-министрді еңбек ұжымымен таныстырды.

58 жастағы Ж.Омаров әр жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментін басқарды; президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ал, 2011 жылдың шілдесінен бастап «Казахстанская правда» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеп келген болатын.