Ақтау тұрғындары үшін электр қуатының құны 9,1%-ке, жылу құны 13,2 %-ке, ауыз су құны 7,9%-ке, ыстық су құны 7%-ке қымбаттады. Техникалық судың бағасы ғана өзгеріссіз қалған. «Бұл — тұрғындар үшін электр қуаты құнының 1999-жылдан бері алғаш рет өсуі»,- деді Б.Ыбыраев.
Бағаны өсіру — «Теңізшевройл» ЖШС-нің газ бағасын қымбаттатуына және «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның салалық бөлімшесінен комбинатқа газ жөнелту көлемінің азайтылуына байланысты болмақ. МАЭК-ті көгілдір отынмен қамтамасыз етуші негізгі компания комбинатқа жеңілдетілген бағамен газ беруге құлықсыз. Сол себепті 2003-жылдың 1-қазанынан бастап ТШО газды босату құнын 6 долларға, ал алдағы уақытта әрбір жарты жыл сайын бағаны 2 долларға қымбаттата отырып, оны әрбір 1000 текше метр газ үшін 32 долларды құрайтын әлемдік деңгейге дейін жеткізбек ниетте.
Бағаны өсіруге тағы бір себеп — кәсіпорын жабдықтарын толық көлемде жөндеуден өткізу, негізгі құралдарды жаңалау қажеттігіне байланысты . Қазір энергиялық комбинаттың негізгі құралдарының тозу көрсеткіші 67 процентті құрап отыр. Құрал-жабдықтарды жаңалау және модернизациялау мақсатына 3,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция қажет.
Сондай-ақ, бағаны өсіруге әсер еткен тағы бір себеп ретінде комбинат қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыру аталды. Қазір мұндағы жалақы көлемі басқа өндірістермен салыстырғанда едәуір төмен. Атап айтсақ, қазір МАЭК-тегі орташа жалақы 33,98 мың теңгені құраса, өнеркәсіп саласында 56 мың теңгені, ал мұнай өндіруші кәсіпорындарда 66 мыңнан астам теңгені құрайды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр