"Маған “шлюха” деп тіл тигізді, ақылы бата беріп, бизнес ашып алған": Динара Сәтжан ақтөбелік блогерді сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маған “шлюха” деп тіл тигізді, ақылы бата беріп, бизнес ашып алған": Динара Сәтжан ақтөбелік блогерді сотқа берді

"Маған “шлюха” деп тіл тигізді, ақылы бата беріп, бизнес ашып алған": Динара Сәтжан ақтөбелік блогерді сотқа берді

Танымал блогер, тележүргізуші Динара Сәтжан өзіне тіл тигізген блогердің үстінен сотқа арыз жазатынын мәлімдеді.

  • 15 Мамыр
  • 2
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Ақтөбеде TikTok-та, инстаграмда ақшаға бата беретін бір «емші» тұрады екен. 
Маған оның қаншалықты заңды жұмыс істейтіні қызық. Осыған байланысты Ақтөбе облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне (ДЭР) сұрау жолдаймын.

“Ақылы батаның” ақшасы қайда түседі?  “Каспиіне” ме?  Әлде күйеуі мен ұлының шоттарына ма? Ол салық төлей ме?  Адам емдеуге лицензиясы бар ма?

Ақылы бата беріп, сынық салып, киелі заттар сатып, адам емдеп, бірнеше бизнес ашып, бірнеше мүліктерді, көліктерді туған-туысқандарына сыйға тартатындай ол батаның ақысы қандай? Соншалықты батадан миллиондаған ақша табуға бола ма? Батасы заңды патенттелген бе? Киелі заттар дегені не? Оның патенті бар ма? Желілік бизнестердің БАД-тарын халыққа ем үстінде сатуға құқығы бар ма? Бұл заңды ма? 

Өзі ауырып халықтың қалтасынан ақшасын қағып алып, БАД-тарын “оқылған дәрі” деп ауру адамға сату қаншалықты дұрыс, қаншалықты әділетті? Халыққа жанашыр, патриот адамның әрекеті ме? 

Неге ол халық арасына бүлік салады? Қазақша сөйлемесеңдер көтеріліске шығайық деп неге әлеуметтік желіде халықты арандатқысы келеді? Ауыз өзімдікі екен деп неге елдің бәрін қорлайды? Маған да “шлюха” деп тіл тигізді. Бұл — жария түрде қорлау. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы! Қорлау!

Неліктен мен туралы жалған ақпарат таратып, адамдарды адастырады? Мені мемлекеттік жобалардан ақша алады деп айтыпты. Ал, менің мемлекеттен бір тиын да алмағаным, ешқандай мемлекеттік тендерлерге қатыспағанымды оп- оңай дәлелдеуге болады. Барлығы ашық ақпарат көздерінде тұр. 

Бұл мәселелермен менің адвокатым @rena_kerimova айналысып жатыр.  Біз Ақтөбе облысының полициясына арыз жаздық. Ол Заң аясында барлық іс-әрекетіне, айтқан сөздеріне жауап береді. Бұл бейберекетсіздікті тоқтататын уақыт келді», — деп жазды ол.