МАГАТЭ Қазақстандағы Ядролық банктiң қорын биылдан бастап толтыра алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МАГАТЭ Қазақстандағы Ядролық банктiң қорын биылдан бастап толтыра алады

МАГАТЭ Қазақстандағы Ядролық банктiң қорын биылдан бастап толтыра алады

Халықаралық атом энергетикасы агенттiгi Қазақстандағы Ядролық банктiң қорын биылдан бастап толтыруды бастай алады.

  • 15 Маусым 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Атомдық энергетика бойынша агенттігінің төрағасы Тимур Жантикин мәлiм еттi.

"Бұл жобаны жүзеге асыру бойынша дайындық жүргiзiлiп жатыр. Банк жұмысы мен қауіпсiздiгi МАГАТЭ ұсыныстарына сәйкестендiрiлуде. Төмен байытылған уранды сату процесiне шығу екi жыл алуы мүмкiн. Нормативтiк базаны жетiлдiру керек. Жаңа заңды күтiп отырмыз. Заңдық актiлер шығады. Үкiметтiк органдардың инфрақұрылымы жетiлдiрiледi. Уранды сату мерзiмiне келетiн болсақ, шамамен екi жыл кетедi. Техникалық миссиялардан кейiн, ядролық банктiң қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн бекiтедi. Сол кезден бастап материалдар сатыла бастайды. Ал төмен байытылған уранды банк қорына сатып алу МАГАТЭ-мен биыл басталуы ықтимал. Үкiмет пен МАГАТЭ арасында арнайы келiсiм қабылдануы керек. Содан кейiн банкке материалды сатып алуды бастай алады. Сатып алу ашық тендермен өткiзiледi. Барлығы заңды болуы үшiн қадағаланып отырылады. Тендерге кез келген компаниялар қатыса алады. Ол бүкiләлемдiк тендер", — деп атап өттi Т. Жантикин.

Айта кетейiк, Қазақстанда төмен байытылған уран банкiн құру туралы келiсiмге қол қою биыл Қазақстанда тамыз айының аяғында ядролық сынақтарға iс-қимылдың халықаралық күнi қарсаңында агенттiктiң бас директоры Юкио Аманоның қатысуымен өтедi деп жоспарлануда. Банкке қатысты халықаралық атом энергиясы агенттiгiмен келiссөздер Қазақстанның барлық мүдделi мемлекеттiк органдарымен бiрлесе 4 жыл бойы жүргiзiлдi. Банк Өскеменде Үлбi металлургиялық зауыты аумағында орналасады. Байытылған уран МАГАТЭ-ге қарайтын болады. Банктiң құрылуы барша әлемде уранды бейбiт мақсатта қолдануға мүмкiндiк бередi.