"Маған бұл керек емес". Елбасы өзінің атын түрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жайында осылай деді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маған бұл керек емес". Елбасы өзінің атын түрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жайында осылай деді

"Маған бұл керек емес". Елбасы өзінің атын түрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жайында осылай деді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің атын түрлі елді мекендер мен нысандарға беру туралы ұсынысты ешқашан қолдаған емес. Соған қарамастан, мұндай ойлар оқтын-оқтын айтылып жатады. 

  • 22 Маусым 2017
  • 5475
Фото - Caravan.kz

Осындай толастамай жатқан ұсыныстардың әсері болса керек, үкіметтің алдыңғы күнгі қаулысымен Астана әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" деп аталатын болып шешілді. Ал бұл қаулы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл наурыз айында бірқатар ақпарат құралдарына берген сұхбат барысында айтқан бір сөзін Caravan.kz медиа-порталы тілшілерінің есіне түсіріп отыр.

Елбасы журналистермен осы кездесуі барысында өзінің атын түрлі нысандарға беріп, ескерткіш тұрғызу туралы сұраққа да нақты жауап берген еді.

"Болашақ ұрпақ шешсе, мен ештеңе істей алмаймын. Себебі, олардың шешімін өзгерте алмаймын. Ол қалыпты жағдай болар еді. Ал жоғарыдағы ұсыныстар туралы бұрын да айттым. Мен тек Назарбаев университетін атыммен атауға келісім бердім. Себебі, бұл басқа университеттерге үлгі бола алатын оқу орны. Қазір ол ғылыми орталыққа айналды. Ал одан басқаларына мен ешқашан келісім берген емеспін. Тағы қайталап айта кетейін, маған бұл керек емес және маған ондай ұсыныстар ұнамайды. Болашақ ұрпақ адамды оның жасаған ісіне қарап бағалайды. Ол қандай адам болды? Ол не бітірді? Міне, осы маңызды. Бұл жағынан маған алаңдайтын ештеңе жоқ. Менің тағдырыма мемлекетімізді басқару бұйырды", деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атын өзгерту туралы ұсыныстар туралы өз ойын айтты.


"Астананың атына менің атымды беру туралы көпшілігі айтты. Адам ретінде, әрине, маған жағымды естіледі. Бірақ мен ел басқарып отырған соң, олай болмауы керек. Астана қазір әлемдік брендке айналды. Мұнда халықаралық кездесулер өтіп жүр. Астананың атын мен қойдым. Ол қазақша, орысша, ағылшынша да жақсы жазылады, жақсы оқылады. Оны ауыстырудың не қажеті бар?", деген еді Мемлекет басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар