"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты

"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы махрге қарсы шықты.

  • 26 Сәуiр
  • 89
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, аталған дәстүрді қоғамнан аластатқан дұрыс екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мына кісінің жанайқайы дұп-дұрыс! Кредиттен кредитте жүрген ауыл баласынан #махрге — көлік, пәтер сұрайтын әумесер қыздар көбейіп барады.

Байдың шолжаң баласынан сұра, не сұрасаң да қарсы емеспін. Өзі әрең жүрген кедей баласынан #тауықмиқыздар аспандағы айды сұрағанда нервім көтеріліп кетеді менің де.

Осы махр дегенді мүлдем алып тастау керек!», — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар