Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «азаматтардың демалысына қолайлы жағдай туғызып, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында жексенбі, 4-мамырдағы демалыс күні – жұмаға, яғни 2-мамырға, жексенбі, 11-мамырдағы демалыс күні – бейсенбі, яғни, 8-мамырға ауыстырылды».
Мамыр айында Қазақстанда үш бірдей мемлекеттік мереке атап өтіледі. Соған байланысты, қазақстандықтар 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай үш күн, 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр – Жеңіс күніне орай төрт күн қатарынан демалады.