"Мамыр" ықшам ауданында "Қол жетімді тұрғын үй" бағдарламасы бойынша бөлінген 28 пәтердің тұрғындары пәтерлерінен шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мамыр" ықшам ауданында "Қол жетімді тұрғын үй" бағдарламасы бойынша бөлінген 28 пәтердің тұрғындары пәтерлерінен шығарылды

"Мамыр" ықшам ауданында "Қол жетімді тұрғын үй" бағдарламасы бойынша бөлінген 28 пәтердің тұрғындары пәтерлерінен шығарылды

Алматы. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 28-қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласының сот-прокурорлық органдарының шешімі бойынша "Мамыр" ықшам ауданында "Қол жетімді баспана" бағдарламасы бойынша бөлінген 28 пәтерден оның тұрғындары күшпен шығарылды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Мен осы уақытқа дейін тұратын Мамыр-3 ықшам ауданында кешенің өзінде 28 пәтердің тұрғындары өз пәтерлерінен шығарылды, тіптен 5 жағдайда есікті бұзып кірген»,- деп хабарлады А. Машкенов.

Мұрат Машкеновтың пайымдауынша, тұрғындарды басым бөлігін пәтерлерінен шығару заңсыз.

Оның айтуынша, оны пәтерінен шығаруға арасында өзінің аты бар кәсіпкерлердің тізімі болып отыр. Бірақ, Мұрат Машкеновтың хабарлауынша, ол кәсіпкерлікпен ешқашан айналыспаған.

«Мінеки, менің қолымда тұрғын үй департаментінің Еңбек конфедерациясының бас хатшысы ретінде пәтер бөлу туралы шешімі бар. Ешқандай кәсіпкерлік туралы сөз қозғалмаған»,- деп хабарлады Мұрат Машкенов.

«Президенттің 2005 — 2007 жылдарға арналған осы тұрғын үй бағдарламасын бекіткен жарлығы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді қарастырады. Мен басымдық берілетін санатқа кірмеймін, бірақ мұғалім ретінде, кәсіподақ жұмысшысы ретінде бұл пәтерді алу құқығына ие болдым»,- деп қосты ол.

Сонымен қатар Мұрат Машкенов, тұрғын үй департаментіне өтінішті кәсіподақ өкілі ретінде барлық қажетті құжаттармен бірге тапсырғандығын, сонымен қатар банктің екі тексеруінен өткендігін хабарлады. Ал пәтерді бөлу алдында департамет қызметкерлерінің өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін төрт оқу орнынан анықтама қағазын әкелгендігін хабарлады.

М. Машкеновтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін ол 32 айдың ипотекалық төлемін төлеген. Ал пәтерде 2,5 жыл тұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті