Оның айтуынша, қаржы Қошқар ата қалдықтар қоймасы маңында улы және радиоактивті қалдықтардың тозаңдану жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуге, Каспий теңізінің жағалауы бойынша ластану көздерін жою жөніндегі жобаға бағытталады.
Бұған қоса аталмыш қаржыға Үстірт жоны мен Каспий теңізінің акваториясында мониторинг жүргізіледі, бұл ондағы ағымдағы ахуалды, халықтың денсаулығына әсер ету дәрежесін анықтауға, сондай-ақ, олардың қоршаған ортаға кері әсерін жоюға қажетті тиісті шаралардың жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Бұған қоса қазір ірі елдімекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар салынуда, рұқсатсыз жинақталған өнеркәсіптік, құрылыстағы және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, бұрынғы карьерлердің деградацияға ұшыраған жер телімдерін реабилитациялау шаралары жүргізілуде.
О. Тоғжановтың айтуынша, бұл қаржыға сонымен бірге экологиялық, радиоэкологиялық және медициналы-биологиялық зерттеулер, халықтың экологиялық білімі мен тәрбиесін көтеру шаралары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті