Жарияланды: 910

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Ақтау. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың екімімен Аманкелді Айтқұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аманкелді Айтқүлов 1966 жылы туған.Жоғары білімді, мұнай және газ өнеркәсібі машиналары мен қондырғыларының инженер-механигі. Техника ғылымдарының докторы. Облыста мұнай-газ саласында түрлі қызметтер атқарған. 1999 - 2008 жылдары "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ "Өзенмунайгаз" ендірістік филиалында басқарма бастығы, директордың бірінші орынбасары болды. 2008 жылдың тамыз айынан бері "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өкімімен Қармыс Боқанов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қармыс Боқанов 1956 жылы туған. Жоғары білімді, математика пәнінің мұғалімі, ауылшаруашылығы өндірісінің зкономист-ұйымдастырушысы. Облыста ауылшаруашылығы саласында түрлі басқарушы қызметтер атқарған. 1985 - 1995 жылдары Маңғыстау ауданындағы "Тұщықұдық", "Бозашы" совхоздарының директоры, 1999-2007 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары болды. 2007 жылдан бері облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы кызметін атқарды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін