Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз айлағы" еркін эконмикалық аймақ аумағын келешекте кеңейту жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз айлағы" еркін эконмикалық аймақ аумағын келешекте кеңейту жоспарлануда

Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз айлағы" еркін эконмикалық аймақ аумағын келешекте кеңейту жоспарлануда

АҚТАУ. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз айлағы" арнайы еркін эконмикалық аймағы аумағында келешекте инвестициялық жобалар табысты орналасқан жағдайда аймақ ауқымын 1600-1700 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Шiлде 2007
  • 583
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде еркін эконмикалық аймақ аумағында жеті инвестициялық нысан құрылысын бастау жоспарланған. Жыл бойы қосымша аумаққа бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған 15 жаңа өндіріс орнын орналастыру жоспарлануда.

Қ. Көшербаев, еркін эконмикалық аймақ аумағын кеңейту мақсатының республиканы дүниежүзілік саудаға тезірек тарту үшін, тұрақты экономикалық өсуді қамсыздандыру үшін, экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру мен жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін Ақтау айлағын барынша тиімді пайдалану болып табылатындығын атап өтті.

Еркін эконмикалық аймақ режимі аймақ аумағында тіркелген экономикалық субъектілерге салық және кеден жеңілдіктерін ұсынуды қарастырады.

Облыс әкімінің айтуынша, еркін эконмикалық аймақ аумағын кеңейту байланыс, уақытша сақтау қоймаларын, техниканы сақтау үшін ашық алаң, контейнерлерді жөндеу жөніндегі кәсіпорындардан тұратын қызмет көрсетуді қарастырады. «Мұның бәрі Ақтау теңіз сауда айлағына кіріс әкеледі, сонымен қатар қала бюджетіне түсетін салық түсімінің өсуін қамсыздандырады, бұл қаланың инфрақұрылымын жақсартуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді»,- деді Қ. Көшербаев.

Республика аясында еркін экономикалық аймақты кеңейтудің тиімділігі дүниежүзілік нарыққа теңіз арқылы шығуымен, еліміздің транзиттік әлеуеттілігін пайдалануды кеңейтумен, Қазақстан Республикасының өзіндік теңіз сауда флотын құрумен, сонымен қатар республиканың транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартумен қорытындыланады.

Бұрын хабарлағанымыздай, қазіргі еркін эконмикалық аймақ аумағында үш жоба жүзеге асырылуда: «Keppel Kazakhstan» металл конструкциялар зауыты, «МұнайГазҚұбыр» құбыр зауыты және әйнекталшықты құбырлар өндіру жөніндегі зауыт. Ақтау теңіз айлағының аумағы қарқынды өсіп келеді.

Облыс басшылығы «Aktau Industries» индустриялы қала» жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. Онда Каспий теңізі қайраңының инфрақұрылымын игеру жөніндегі орталық орналастыру қарастырылған. Сонымен қатар «Aktau Free Trade» атты халықаралық шекаралық ынтымақтастық жөніндегі транспорттық-логистикалық орталық ашу жоспарлануда.

2007 жылдың 7-ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойған жарлығына сәйкес, «Ақтау теңіз айлағы» еркін экономикалық аймақ аумағы 227,1 гектардан 982,3 гектарға дейін өскен. Еркін экономикалық аймақ 2015 жылға дейін жұмыс істеуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті