Маңғыстау облысында бала таситын жүргізушілер шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында бала таситын жүргізушілер шу шығарды

Маңғыстау облысында бала таситын жүргізушілер шу шығарды

Маңғыстау облысында оқушылар тасымалдайтын мектеп автобусының жүргізушілері шу шығарды. Олар бірнеше айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мекеме басшысы жергілікті атқарушы органдар ақшаны аударған жоқ деп ақталды. Айтуынша, өңірдегі 5 ауыл әкімдігі 70 миллион теңге қарыз екен. Жүргізушілері жағадан алған компания басшысы қомақты қаржыны өтеуі үшін енді жергілікті шенділерді жаппай сотқа бермек.

  • 12 Маусым 2015
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бисенғали Әбдірахманов оқушылардың жазғы демалысы бастала салысымен, 2 автобусын жөндеуге қоймақшы еді. Алайда жоспарының жүзеге аспайтын түрі бар. Өйткені айлық алмағанына 3 айдан асқан.

Бисенғали Әбдірахманов, автобус жүргізушісі:

-1 автобус айына 1 тонна бензин  жейді. Соның ақшасын 3 ай төлеген жоқпын. Ол деген 12 тонна. Ол ақшаны қалай беремін мен? Базардағы қарызға беретін ақшам бар. Темір-терсек алғанмын.

Айлап жалақы алмаған жүргізушілердің саны 57 адам. Бәрі қала сыртындағы ауылдардың 6 мың оқушысын мектепке таситын көлік компаниясына жалданып жұмыс істейді. Кейбіріне жалақы 7 айдан бері төленбеген.

Жаңабай Майыпов, автобус жүргізушісі:

-Үйге қарауға емес, үйге кіруге бет жоқ. Үйімізде қарайған бала-шаға күтіп отыр. Үйде жейтін нанымызға дейін қалмады, құдайшылығы.

Ал жүргізушілерді көлігімен қоса жалдап отырған мекеме жалақы төлеуден жалтармаймыз дейді. Бірақ қаржы жоқ. Себебі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін компанияға жергілікті шенеуніктер атқарылған жұмыс үшін ақша аудармаған. Тасымалдаушыға 5 ауылдың әкімдігі 70 миллион теңге қарыз екен.

Мұхтар Қартбаев, көлік компаниясының директоры:

-Маған қазір ақша түспей тұр. Еш жерден. Өмірзақ –  5 миллион, Мұнайлыдағы Атамекен – 22-23 миллион, Басқұдық – 11 миллион 900 мың, Ақшұқыр – 33 миллион, Сайын – 7 миллиондай қарыз.

Ауылдардың ішінде оқу жылы басталғалы көк тиын төлемегендер де бар. Әкімдеріне оның себебін түсіндіруді сұрап  жазылған хатқа жауап та берілмеді дейді мекеме басшысы. Қарызы ең көп – Ақшұқыр ауылының әкімдігі болса, ақшаның дер кезінде төленбеуін тендердің кеш өткенімен түсіндіреді.


Сайран Қылыш, Ақшұқыр ауылы әкімінің орынбасары:

Келісім-шарт жасақталуда. Келісім-шарт қазынашылық басқармасынан өткеннен кейін төлейміз жақын арада.

 -Неше уақытта?

-Шамамен бір аптада.

Бұдан басқа ауыл әкімдіктері болса, қарызға қалайша белшесінен батқанын білмейді.  

Ал кепілдеме бойынша жұмыс істеп келген мекеме ақшасын өндіріп алу үшін әкімдіктерді шетінен сотқа бермек. Бірінші кезекте Өмірзақ ауылы мен Мұнайлы ауданы тұр. Бұл уақытта автобус жүргізушілері де қарап жатқан жоқ. Олар Астанаға арыз жазуда. Бұдан нәтиже болмаса, облыстық әкімдік алдында наразылық шеруін өткізбек.