Маңғыстау облысында газдың жарылуы салдарынан тұрғын үй қирап, бір адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында газдың жарылуы салдарынан тұрғын үй қирап, бір адам зардап шекті

Маңғыстау облысында газдың жарылуы салдарынан тұрғын үй қирап, бір адам зардап шекті

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Құрық ауылында газдың жарылуы салдарынан екі пәтерлі тұрғын үй қирап, бір адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Маусым 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

Табиғи газдың жарылысы 18-маусымда 16 сағат 25 минутта болған. Жарылыс салдарынан №1 пәтер толық қирап, №2 пәтердің бір қабырғасы құлады. «Соның салдарынан 26 жастағы әйел зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», деп хабарлайды мекеме.

Қазір бүлінген пәтердің тұрғындары туыстарына таратылып уақытша орналастырылды.

Жарылыстың залал-зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті