Нысанның салтанатты ашылу рәсімінде хабаланғандай, «2005 — 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР президентінің бағдарламасы аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы атынан «ҚазМұнайТеңіз» АҚ және «Аташ», «Түпқараған Оперейтинг», «Құрманғазы Петролеум» и «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б. В.» компаниялары Құрық ауылында балалар бақшасын салуды бірлесіп қаржыландыру туралы шешім қабылдады.
Техникалық жобасын жасау мен құрылысты қамтыған нысанның көзделген құны 1 млн 380 мың АҚШ долларын құраған. Техникалық жобаны жасау мен құрылысты салған бас мердігер — «Құрылыс» ЖШС.
Аташ, Түпқараған, Құрманғазы және Меруерт теңіз жобалары бойынша әлеуметтік міндеттемелердің қаражатын бірлестіру бұдан былай Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызды жобалары мен ныандарын қаржыландыруға мүмкіндік береді, деп атап көрсетті жобаға қатысушылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті