Маңғыстау облысында өлі аққулар видеоға түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында өлі аққулар видеоға түсірілді

Маңғыстау облысында өлі аққулар видеоға түсірілді

Құстың жүздеген өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр, деп жазды блогер.

  • 19 Желтоқсан 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы көлде көптеген өлген аққу жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Сaravan.kz  медиа порталы. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтаудан 10 шақырым жердегі Қаракөл көлінің жағасында түсірілген кадрларды жариялады.

"Аққу өмірде бір рет қана жұп болады, қосағы өлсе, жалғыз аққу сағыныштан өледі" дейді. Егер осы қисынды ұстанатын болсақ, Маңғыстау өңірінде биылғы қыста тым көп аққудың жүрегі жараланғаны.

Ал егер шындығын айтсақ, бұл жағдайдың ауқымы алаңдатады, құстың жүздеген өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр, ең қызығы, мен бұл көлде аққулардан басқа құстардың өлексесін таппадым. Олар аққуларға қарағанда әлдеқайда көп. Табиғи сұрыпталу дейін десек, шығын тым көп", — деп жазды автор.

Бұрын тек жергілікті тұрғындарға ғана белгілі болған бірегей су қоймасы 2020 жылы әлемдік БАҚ-тың талқылауына айналған.


Қаракөл — көп құстардың ұшу жолындағы аялдамалардың бірі. Олардың кейбіреулері Қазақстанның Қызыл кітабына енген, ал көлдің өзі Қарақия-Қаракөл мемлекеттік қорығына енгізілген және ерекше қорғалатын аумақ мәртебесіне ие.