Маңғыстау облысында өңірлік жеміс және көкөніс терминалын салу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында өңірлік жеміс және көкөніс терминалын салу жоспарланып отыр

Маңғыстау облысында өңірлік жеміс және көкөніс терминалын салу жоспарланып отыр

Ақтау. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында инвестициялық "Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме базарын салу" жобасы аясында облыс орталығында өңірлік жеміс пен көкөніс терминалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры Дүйсен Әділханов хабарлады.

  • 17 Наурыз 2008
  • 589
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Маңғыстау облысында осы жоба «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ жасап шығарған өңірлік терминалдар желісі бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме базарын салу концепциясына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, өңірлік терминал аумағында жеміс пен көкөністі уақытша сақтау көлемі 30 мың тоннаны және 11 мың тонна ет пен балық өнімдерін құрамақ.

Осы жоба аясында жеміс-жидек пен көкөніс сақтау қоймасын, өнімді қабылдау және жөнелту терминалдары мен әкімшілік кешенді салу жоспарланып отыр. Мұздатқыш камералар орнатылатын болады. Өнімді өңдеу цехы мен лаборатория жұмысын жолға қою көзделген.

Жоспар бойынша өңірлік көкөніс пен жеміс-жидек терминалының құрылысы 2009 жылы басталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті