Жарияланды: 500

Маңғыстау облысында "Орталық Азия-Орталық -Y" газ құбыры жарылып тұтанды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11-ақпан күні 17 сағат 10 минутта "Орталық Азия-Орталық -Y" магистралды газ құбырының 392-ші шақырымында газ құбыры жарылып тұтана бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл Өзбекстан-Ресей транзитті магистралдық газ құбырының "Атырау" магистралды газ құбыры басқармасына қарайды. Агенттік ақпаратына сәйкес өрт 19 сағат 50 минутта сөндірілді. Қазір газ құбырының жарылған жерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Оқыс оқиғадан құрбан болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін