«Маңғыстау облыстық прокуратурасы шаруашылық субьектілерінің іс-қызметі барысында сатылып жатқан азық-түлік өнімдері, балалардың ойыншықтары мен дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың қолданылу жайын тексеру барысында тандыр нан пісіріп сататын жасырын наубайхананы тапты», делінген прокуратураның хабарламасында.
Баспасөз мәслихатында атап көрсетілгеніндей, «нан пісірумен Өзбекстан азаматтары айналысқан, олар жұмыс істеу барысында еліміздің еңбек, көші-қон, салық және санитарлық- эпидемиологиялық заңнаманың талаптарын бұзған». «Нан пісіретін қамырды ваннада аяқпен илейтін болған, бұл жерде тазалық ережелері мүлдем сақталмаған, су құбыры мен кәріз жүйесі жұмыс істемеген», — делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті