Маңғыстау облысында сәрсенбіде жол апаты кезінде бес әскери қызметші зардап шекті.
"Бірнеше сағат бұрын Ақтау-Жаңаөзен трассасының 10-шы шақырымында әскери "УАЗ" аударылған. 2008 әскери бөлімшенің бес әскери қызметшісі ауыр халде ауруханаларға жеткізілді, оның төртеу жаңаөзендік, бірі Жетібай селосының ауруханасына жеткізілген болатын", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық аурухана директорының орынбасары Берік Каунов.
Оның айтуынша, бас миынан жарақат алған солдаттың бірі жарты сағат бұрын Жетібайдан Ақтауға тікұшақпен әкетілген.
"Қалған төртеуі де екі сағаттың ішінде бізге жеткізіледі", деді ол.