Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Маңғыстауда салдарынан төрт ересек адам мен бір кішкентай бала қаза тапқан жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) іс қозғалған. Жол апаты Бейнау-Атырау тас жолында болды.

  • 4 Сәуiр 2017
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Лада" басылымына сілтеме жасап, Sputnik хабарлады. 

"3 сәуір күні шамамен сағат 2:45-терде кезекшілік бөлімге  Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі республикалық маңыздағы авто жолмен жүріп келе жатып, көлігін басқара алмай қалып, жолдың шетінде тұрған КамАЗ-ға соқтығысты деген ақпарат келіп түсті. Жүк көлігінің салонында жүргізуші болған. Алынған жарақаттардан жол апаты орнында Toyota Camry жүргізушісі мен осы көлік жолаушылары қаза тапты. Екі жеткіншек Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді", —  деп хабарлады басылымға Маңғыстау ішкі істер депатраментінде. 

Полицияның атап өтуінше, КамАЗ жүргізушісі зардап шекпеген. Оның көлігінің салонында жолаушылар болмаған. Зардап шеккен жеткіншектердің бірі Атырау ауруханасына жеткізілді. Тағы бір бала Бейнеу аудандық аурухана дәрігерлерінің бақылауында қалды. 


 

Соңғы жаңалықтар