Оның айтуынша, жалпы қаржының 72,3 млн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. Облыстық бюджеттен 578,9 млн теңге бөлінбек. Соның ішінде ауылдықтар мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін тікелей қолдауға республикалық бюджеттен ауыз су қамтамасыздығының баламасы жоқ көздеріне жататын айрықша маңызды топтық су қамтамасыздығы жүйесінен берілген ауыз судың құнына субсидияға 41,6 млн теңге бөлінеді.
Қ. Боқановтың хабарлауынша, сондай-ақ, республикалық бюджеттен 4,8 млн теңге көктемгі тұқым себу мен күзгі астық жинау науқандарын өткізуге, өнімділікті арттыру мен өсімдік шаруашылығының өнім сапасын арттыруға қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды арзандатуға бағытталады.
Сонымен бірге, Қ. Боқановтың хабарлауынша, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметінің құнына субсидия ретінде республикалық бюджеттен 3,2 млн теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде 22,7 млн теңге бөлінеді.
Облыстық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2008 жылы 45 млн теңге бөлінеді. Шетпе ауылында мал сою бөлімін ашуға 62 млн теңге, қасқыр аулауға — 5 млн теңге бөлінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті