Маңғыстау облысының әкімі өзін өлтірмек болған кәсіпкерді райынан қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі өзін өлтірмек болған кәсіпкерді райынан қайтарды

Маңғыстау облысының әкімі өзін өлтірмек болған кәсіпкерді райынан қайтарды

Ақтауда өз-өзіне қол жұмсамақ болған кәсіпкер атқамінерлер мен тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды. Бақтияр Мәсімов дәл әкімдіктің алдында үстіне бензин құйып өртеніп өлмек болған. Алайда оны облыс әкімі кабинетіне шақырып алды. Бұл уақытта әкесін күтіп тұрған ұлы - есік алдында наразылық шарасын өткізбек болды.

  • 13 Маусым 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бірақ наразылық ұзаққа барған жоқ. Кәсіпкердің «өліміме облыс әкімі Алик Айдарбаев пен облыстың жемқор шенеуніктерін айыптаңдар» деген сөзі жазылған плакатты тәртіп сақшылары тез жинап, шараға қатысушыларды ішкі істер бөліміне алып кетті. Ал, кәсіпкерді жанқиярлық әрекетке итермелеген әкімдіктің әрекеті екен. Былтыр сот шешімімен оның теңіз жағасындағы мейрамханасын сүріліпті. Бірнеше рет соттан жеңілген кәсіпкер өтемақы да өндіре алмаған. Соған ызаланып, суицидке бармақ болған Бақтияр Мәсімовты облыс әкімінің өзі 3 сағат райынан қайтарып ақыры жәрдемдесуге уәде еткен.

Бақтияр Мәсімов, кәсіпкер:

-Әкім өтемақы төлеуге уәде берді. Қос бүйрегім жұмыс істемейді. Денсаулығымды түзетіп, 17 қызметкерлерімді жұмысқа тұрғызамыз деді. Және қаланың сыртынан жер береміз деп отыр. Сол жерге мейрамхана салып, әкіммен бірге барлығыңызды қонаққа шақырамын.