Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысында есірткі саудасымен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысында есірткі саудасымен айналысқан

Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысында есірткі саудасымен айналысқан

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны өзі жұмыс істейтін автосалонда марихуана сатқан.

  • 10 Наурыз 2021
  • 126
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 58 жастағы күдікті ер адам ұсталды.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде есірткі салынған бірнеше түйіншекті тапты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттаған. Сондай-ақ, есірткі заттарын сату бойынша интернет ресурстарды жарнамалайтын 40 граффити жойылған.


Соңғы жаңалықтар