Маңғыстауда 1 мыңнан астам адам екпеден бас тартқан - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда 1 мыңнан астам адам екпеден бас тартқан

Маңғыстауда 1 мыңнан астам адам екпеден бас тартқан

Қазір облыста иммундау апталығы өтіп жатыр.

  • 26 Сәуiр 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысында жұқпалы аурудың алдын-алу мақсатында осы кеселдің 21 түріне вакцина салу тегін жүргізіледіп. Алайда, жыл басынан бері өңірде 1 067 адам екпеден бас тартқан, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жоспарлы иммунизациялауды жүргізудің арқасында соңғы 10 жылда Маңғыстау облысында жұқпалы аурулар — оба, іш сүзегі, дифтерия, сіріспе, полиомиелит сияқты індеттер тіркелмеген. Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Жұмажанованың айтуынша, соңғы уақытта вакцинаға қатысты кертартпа пікірлердің салдарынан ата-аналар екпе салудан бас тартып жатыр.

«Бұл қауесетті растамаймын. Өңірде вакцинаның кері әсері тіркелген жоқ. Сондықтан барлық Маңғыстау тұрғындарын, барлық жастағы адамдарды ұлттық күнтізбе бойынша екпелерді уақтылы алып отыруға шақырамын», — дейді Әлия Жұмажанова.

Айта кетейік, қазір облыста иммундау апталығы өтіп жатыр. Еске сала кетсек, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі статистикалық мәліметте вакцинацияға сенбейтіндер саны 12 700 адамға жеткен.


Оқи отырыңыз:

Әйелдерге қысқа көйлек киіп, шаш бояуға тыйым салынды

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

СҚО-да орыс тілін білмейтін жастар жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр