Әйелдерге қысқа көйлек киіп, шаш бояуға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдерге қысқа көйлек киіп, шаш бояуға тыйым салынды

Әйелдерге қысқа көйлек киіп, шаш бояуға тыйым салынды

Түркіменстанда денеге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салынды.

  • 26 Сәуiр 2018
  • 90
Фото - Caravan.kz

Бұдан былай көйлектер дененің сипатын айшықтамай, тік тұруы тиіс екен. Көйлектің етегі жерге дейін түсіп тұруы міндеттеліп отыр, тек шұлық пен аяқ киім көрінсе ғана болды. Ал жең ұзындығы саусақтарға дейін жетуі тиіс екен, деп жазады Tengrinews.kz.

«Ескілікке оралып жатырмыз, киіз үй заманына. Жасым 20-да, мен енді арғы әжемнің көйлегімен жүруім керек пе екен? Келесіде не, паранжа?», — деп жазады Ашхабад тұрғыны.

Елдегі сұлулық салондарында әйелдер шашын жаппай қараға боятып жатқан көрінеді.

«Блонд түсті бояуды барлық каталогтан алып тастап, клиенттерге ашық түсті шашты түркіменстандық әйелдер ер адамдарды қоздырып, әлдебір әрекеттерге итермелейді», — дейді Ашхабадтағы сұлулық салонының шебері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түрікменстанда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың шенеуніктеріне тырнақ бояп, өсіруге, кірпік өсіруге, шаш бояуға және алтын бұйымдарды тағуға тыйым салу туралы норманың енгізілгені хабарланған болатын.

Тіпті қаладағы сұлулық салондарында қызметтің бұл түрлері тізімнен алынып, елге кірпік пен тырнақ өсіруге арналған материалдарды әкелуге тыйым салыныпты.


Ал осыдан кейін әйелдерге арналған осындай өнімдердің бағасы 50 пайызға дейін қымбаттап кеткен.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

СҚО-да орыс тілін білмейтін жастар жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр

 

 

 

Соңғы жаңалықтар