Маңғыстауда ашуға булыққан жүргізуші дәмханаға келушінің аяғын сындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда ашуға булыққан жүргізуші дәмханаға келушінің аяғын сындырды

Маңғыстауда ашуға булыққан жүргізуші дәмханаға келушінің аяғын сындырды

Маңғыстау облысында өзіне таныс емес ер адаммен жанжалдасқан жүргізуші ақыры оның аяғын сындырды, деп жазады жергілікті lada.kz сайты. 

  • 5 Қазан 2015
  • 508
Фото - Caravan.kz

Оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық кентінің «Назира» дәмханасы маңында орын алған. 26 жастағы жергілікті тұрғын өзінің «Daewoo Nexia» көлігімен дәмхана жақтан шығайын деп жатқан еді. Бір кезде көңіл көтеру ғимаратынан басқа келушісі шыққанда, олардың арасында жанжал туындады. Жолға таласып қалған ер адамдар бір-бірімен жанжалдасып тұрған. Бір кезде ашуға булыққан жүргізуші жанжалдасқан адамды көлікпен қағып кетті.


Қарақалпақстаннан келген 27 жастағы тұрғын аяғы сынып Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.