Маңғыстауда облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттары сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттары сайланды

Маңғыстауда облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттары сайланды

Маңғыстау облысында облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттары сайланды. Облыстық мәслихат сайлауында 1 орынға 3 адамнан таласты.

  • 30 Қазан 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

Дауыс беру 31 сайлау учаскесінде өтті. Ақтау қаласы бойынша 19, Мұнайлы ауданында 7, Жаңаөзен қаласында 5 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 50 мың 255 адам енді. Сайлаудың барысын 111 бақылаушы қадағалады.

«Дауыс бергендердің саны 21 мың 794 адамды құрады, бұл жалпы тізімге енгендердің 43,4 пайызы. Жалпы алғанда біз сайлаушылар жақсы белсенділік танытты деп ойлаймыз», — деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Дауыс берудің нәтижелері бойынша Дмитрий Клинчев, Қаныбек Жұмашев, Сарман Байшылық, Әркенов Берікбол Маңғыстау облыстық мәслихатына депутат болып сайланды. Жаңаөзен қалалық мәслихатына Таумұрынов Рзағали және Байжанов Ғалым сайланды.

Соңғы жаңалықтар