Маңғыстауда жойқын жарылыс бүтін бір отбасыны жазым қыла жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда жойқын жарылыс бүтін бір отбасыны жазым қыла жаздады

Маңғыстауда жойқын жарылыс бүтін бір отбасыны жазым қыла жаздады

Маңғыстау облысында үлкен жарылыс болды. Таушық елді-мекенінде қолдан жасалған қазандық жарылып, бірнеше адамды жазым қыла жаздады.

  • 2 Қараша 2013
  • 588
Фото - Caravan.kz

Жарылыстың күшті болғаны соншалық тұрғын үйдің түгін қалдырмаған. Оқыс оқиғадан ерлі-зайыптылар мен олардың төрт баласы зардап шекті. Жарақат алғандардың ең кенжесі бір жаста. Қазір барлығы аудандық ауруханаға жеткізілген. Бірақ медициналық тексеруден соң анасын бір баласымен қоса тікұшақпен облыс орталылығына апаруға тура келді. Дәрігерлердің сөзінше, баланың жағдайы орташа, ал денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелдің хәлі ауыр. Құтқарушылар жарылысқа қолдан жасалған қазандықтағы ақау себеп болған деп отыр. Үй иелері оны рұқсатсыз орнатыпты.


Медел Әзірбаев, Зардап шеккендердің туысы:

Астында қалып қойған балаларды көрші-көлем бар, ағайын-туыс бар бірігіп шығарып алдық. Аман бәрі қазір. Алды бес оқи ма екен сол жобада. Екі оқиды жаңағы ер бала. Қалғандары кішкентай бәрінде сол астынан суырып алдық.