Мақсат Толықбай, Ринат Заитов, Нартай Аралбайұлы: AMANAT партиясынан кімдер Мәжіліс депутаты болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақсат Толықбай, Ринат Заитов, Нартай Аралбайұлы: AMANAT партиясынан кімдер Мәжіліс депутаты болды?

Мақсат Толықбай, Ринат Заитов, Нартай Аралбайұлы: AMANAT партиясынан кімдер Мәжіліс депутаты болды?

Тізімде әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды

  • 28 Наурыз 2023
  • 1890
Фото - Caravan.kz

AMANAT партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Халық үніне сілтеме жасап. 

AMANAT партиясының Саяси кеңесі ююросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша сайлауда партиялар төмендегідей дауыс жинады:

  • Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
  • «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
  • Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);

  • Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
  • «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

«Бәріне қарсымын» – 3,90% (248 291);

Барлық дауыс бергендер саны – 6 366 441.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Respublica партиясы да Мәжіліс депутаттарының кандидатурасын бекітті.

Соңғы жаңалықтар